Суббота, 25.11.2017, 14:09
Приветствую Вас Гость | RSS

Молодому учителю технологии

Категории раздела
Помощник в сети
www.work-zilla.com
Статистика сайта
» Зарег. на сайте:
Всего: 84
Новых за месяц: 1 
Новых за неделю: 0 
Новых вчера: 0
Новых сегодня: 0 
  » Из них:
Админы сайта: 5
Модераторов: 0 
Проверенных: 0
Гостей: 79 
» Сейчас на сайте:

Каталог статей

Главная » Статьи » Поурочное планирование » 8 класс

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. (Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят
Тақырыбы:
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

Мақсаты:Әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып, ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу.
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында топтық жұмыс арқылы сын тұрғысынан ойлау модулін басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау.

Реурстар (көрнекілік):слайд, постер,маркер,жұмыс жасауға қажетті тапсырмалар, тәжірибе алмасу мақсатында үлестірмелі материалдар т.б.

Барысы: Кріспе.
Сұрақ қойған бес минут қана ақымақ болса,
Оны қоймаған өмір бойы ақымақ боп өтеді.
Қытай даналығы.
Ал, Сократ:
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - десе
Абай атамыз
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп айтқан екен. Сондықтан да озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз.
XXIғ. көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Сол себепті де біз баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырамыз.қазір сіздермен бөліскім келіп тұрғаным өз сабақтарымда қолданып жүрген тиімді әдістерімнің бірі:топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
1. Мен бүгінгі жұмысымызды алдымен біз бір-бірімізге жақсы тілектермен, шынайы ниеттермен бастағым келеді. (Бәрі қол ұстасып тұрып,бір-біріне тілек білдіреді.)

2.Топқа бөліп алу.
(Ауызша топқа бөлудің түрлерін айтып өту.)
Туған күн арқылы, түрлі түсті қағаздар арқылы, кесілгеноткрытка немес суреттер арқылы т.б.
Топпен жұмыстың артықшылықтары:
 Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
 Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады
 Жұмысатмосферасынқалыптастыру
 Оқушылардыңтанымдықбелсенділігі мен шығармашылықпенжұмысістеуіартады
 Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады
 Өзіне сын көзбен қараушылықартады,құрбыларменжұмысістепүйренгеноқушыөзінің қабілетін дұрыс бағалай жәнежақсыбақылайалады
 Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді

Негізгі кезеңдері:
Топқа бөлу, Тапсырманы орындау ,Іс-әрекетінің нәтижесін көрсету .

3.Топ ережесін құрдыру. (Мұғалімдер шығарады.)
Өзара сыйластық.
Белсенділік.
Бір-бірін тыңдай білу.
Әр пікір құнды
Бірін-бірі қолдау т.б. «Ең бастысы есту және тыңдау.»

4.Критерий: Сыни тұрғыдан ойлауға арналған жұмыс түрі.

5.Әдіс-тәсілдері (дискриптрлері): Топтық жұмыс әдісін терең білу;
Тәжірибені шыңдау.
6.Миға шабуыл.
Сұрақ. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
Топтардың жауаптарын тыңдау.
Толықтыру:
«Сыни» сөзі гректің екі сөзінен:
«kritike» - талдау (талқылау) өнері және
«kriterion» - пайымдаудың құралы.
Сонымен, «сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз
«критерийлерге негізделген талдау өнері».

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
Сыни тұрғыдан ойлаудын 5 сипаттамасы (Д. Клустер)
Біріншіден - бұл өзіндік және жеке ойлау
Екіншіден - бұл талдау, қорыту
Үшіншіден - бұл проблемалық және бағалаушы ойлау
Төртіншіден - бұл дәлелді ойлау.
Бесіншіден - бұл әлеуметтік ойлау

СЫНИ ТҰРЫДАН ОЙЛАУ–
- жаңа, толық мағыналы сұрақтар қою қабілеттілігі;
- түрлідәлелдеріздестіріп, ұсынуы;
- еркінойластырылғаншешімдерқабылдайалуы.

Әрине бәрін бір сабақта қамтып, қарастырып өті мүмкін емес.Сонда мен сіздермен бірге осы 3 бағытты қамтып өткізген бір сабақ үлгісін сіздермен қарастырмақпын.(бөліспекпін)

Мұғалімдермен жұмыс жоспар бойынша.Ж.Молдағалиев. «Ар-ұят туралы.» өлеңі.



Сабақтың тақырыбы Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты 1.Білімділігі: Ж.Молдағалиев жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Ар – ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
2.Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады. Шығармашылығын тудырады. Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алуға қалыптасады.
3.Тәрбиелігі: Топтағы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді. Ортақ бір тұжырымға келуге дағдыланады.Ар-ұят туралы, адамгершілікке байланысты тәрбие көздерімен сусынданады.
Күту нәтижелері

Түйінді идеялар 1.Ж.Молдағалиевті меңгереді, өлеңі жайлы өз ойларын жеткізе алады.
2.Ар-ұят туралы өлеңінің мағынасын ашып, түйінді ойын айтады.
3.Ар-ұят туралыөздерінің пікір айтады.
Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта отырып Ж.Молдағалиевті Ар-ұят туралы өлеңінің сөздерін түсініп,ойға түюе білу.
Кезең Мұғалімнің орындайтын іс - әрекеті Оқушылардың орындайтын іс - әрекеті Оқыту әдісі Бағалау
Жаңа сабақ

Қорытынды, пысықтау.

Үйге тапсырма. А)Сұрақтармен жұмыс түрі.
Оқуда сұрақтарды қалай дұрыс қою керек?
Блум түймедағы.
Қарапайым сұрақтар – Бұл сұрақтар нақты деректерді еске түсіріп, жауап беру үшін қойылады
Анықтаушы сұрақтар–алған ақпаратты анықтау үшін бағытталған. «яғни сенің ойынша, бұл... ….», «мен сені дұрыс түсінсем, онда...»
Интерпретациялық сұрақтар (түсіндіруші) белгілі бір мәселелерді шешу барысында жаңа идеяларға итермелеуі мүмкін және түсініксіз іс-әрекеттердің себебін анықтауға көмектеседі (неліктен?)
Бағалаушы сұрақтар(салыстыру) – ойлаудың эмоционалды жағын арттыру үшін бағытталған “Сіз қалай ойлайсыз ?»
Шығармашылық сұрақтар(болжам) – «Не болады, егер де,…?»
Тәжірибелік сұрақтар– «Сіз қалай орындар едіңіз …?»Одан не істеуге болады..?

Оқулықпен жұмыс

Ашық-жабық сұрақ.
Ә) Дәлелдеріздестіріп, ұсынуы.
Әңгіменің 3 түрі.
ӘҢГІМЕНІҢ ҮШ ТҮРІ (үлгіні тарату)
1. Әңгіме-дебат барысында:
Ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
Ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
2. Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:
Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;
Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
Идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
3. Зерттеушілік әңгіме кезінде:
Барлығы белсенді тыңдайды;
Адамдар сұрақ қояды;
Адамдар тиісті ақпаратпен бөліседі;
Идеяларға дау айта алады;
Дауласуға себеп табылады;
Қатысу алдыңғы тәжірибеге негізделеді;
Барлығының қатысуы ынталандырылады;
Идеялар мен пікірлерге құрметпен қарайды;
Сенім атмосферасы орнайды;
Ортақ мақсат сезімі пайда болады;
Топ бірлескен шешімдер қабылдау үшін келісім іздейді.
© Нил Мерсер, 2008

Ар-ұят туралы тапсырма

Б)Шешімдер қабылдай алуы. «Ар-ұят туралы»

Кері байланыс:Көңіл күй.

Ж.Молдағалиев Ар –ұят туралы талдау, тақырыпқа сай мақал, ұнаған үзінді жаттау, ұқсас тақырып қарасытру.

Интерпретациялық сұрақтар: «Ақ шашты ана мен Қара шашты ана» топпен жұмыс.

Джигсо. (топқа жұмыс)

(жалпылама сұрақ)

Әңіме-дебат
пікір алмасу

«10 сұрақ»

Постер. Кластер.

Стикер.


СТО
Топпен жұмыс.

СТО
Топпен жұмыс.
Топпен жұмыс.

Топпен жұмыс.

Топпен жұмыс.

Жеке жұмыс


Өзара тыңдау

Өзара бағалау

Өзара бағалау

Жеке бағалау.
Категория: 8 класс | Добавил: чкалова (06.12.2014) | Автор: Шауенова Алтын Балгановна. E
Просмотров: 2945 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Форма входа
Поиск по сайту
Календарь
Праздники
Наш опрос
Оцените мой сайт
1. Отлично
2. Плохо
3. Ужасно
4. Хорошо
5. Неплохо
Всего ответов: 2
Счетчики

Каталог@MAIL.RU - каталог ресурсов интернет

Rambler's Top100

Каталог Ресурсов Интернет

Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

Каталог сайтов Всего.RU

Образование за рубежом

Яндекс.Метрика

Рейтинг Сайтов YandeG

© Сайт создан 2009 г. Лабораторией сайтостроения "SCORPIO" 


Copyright MyCorp © 2017